RU

Жиналыста ұйықтап қала беретін Ақтөбе әкімі жұбайымен ел алдына шықты (фото)

Ақтөбеде өткен кезекті шаралардың біріне Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов отбасымен келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Медиа Про» продюсерлік орталығының жанынан ашылған Жұлдыздар үйін тамашалауға әкім келіншегі Гаухар мен кіші қызы Зерені ертіп келген.

Әкім сөз арасында кішкентай Зеренің таяуда Орталық стадионда өткен «Туған жер» форумында өнер көрсеткенін жеткізді. Тіпті, бірнеше күн ел қатарлы дайындықтан қалмай, үлкен шараға атсалысқанын мақтанышпен айтты.

Тағы оқыңыздар: Батыс Қазақстанда бензин 200 теңгеден сатылып жатыр

Ілияс Испанов жолдасы Гаухарды да әкімдік қызметкерлеріне таныстырып жүрді. Жұлдыздар үйінің ашылуына өзге де шенеуніктер мен бизнесвумендер балаларын ертіп келген. Қонақтар фуршетке қатысты.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Әлем экономикасы және дипломатия университетінің түлегі Гаухар Полатқызы ағылшын тілін еркін меңгерген. Оқыған өзбек елінің тілін қаншалықты меңгергені жайлы википедия еш мәлімет келтірмеген.

Ілияс Испанов пен Гаухар Сартаеваның отау құрғандарына 21 жыл. Жұбайлар екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642282-zhinalysta-uyyqtap-qala-beretin-aqtob.html