RU

Порошенкомен кездесуге келген Ердоған ел алдында ұйықтап қалды

Желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Украина президенті Петр Порошенкомен кездесу кезіндегі баспасөз-конференциясында ұйықтап кеткен видеосы пайда болды. Аталған видео Twitter желісінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Баспасөз конференциясы кезінде Ердоған есінеп, көзі ілініп кете берді. Петр Порошенко тіпті бірнеше рет үстелді тарсылдатып, оның назарын аудармақ болды.

Порошенконың баспасөз хатшысының айтуынша, Украина мен Түркия президенттерінің арасындағы келіссөздер жоспарланған қырық бес минуттың орнына үш сағатқа жалғасқан.

Еске салсақ, Тайып Ердоған ресми сапармен Киевке 9 қазан күні жеткен. Екі ел басшылары бірқатар құжаттарға қол қойып, 2017-2019 жылдарға арналған екіжақты байланыстарды дамытуға арналған жоспарларды талқылаған.

Poroşenko, Erdoğan'ın uykusunu getirdihttps://t.co/APWP1N68Ht pic.twitter.com/Bqh1ULytIg

— Sputnik Türkiye (@sputnik_TR) 9 октября 2017 г.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642311-poroshenkomen-kezdesken-erdoghan-basp.html