RU

Елімізде тағы бір шенеунік 4,3 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Астана қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті Ауылшаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К. Мырзатаевты пара алу кезінде ұстады. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ұсталған басшы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алулар қатысушыларынан пара алып отырған. Осы арқылы пара бергендер сатыпалулар кезінде ұтып, келісім-шарт бойынша жедел төлемдер жасап отырған.

М.К. Мырзатаев 4,3 млн теңгеге тең пара алып жатқан кезінде ұсталған.

Тағы оқыңыздар: Қытай шекарасында ілінген жыртық туды көріп намыстанған жігіт оны алып тастады (видео)

Сонымен бірге, 9 қазан күні ол мердігерлік компанияның мүддесі үшін Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б. Медеубековке 1 млн теңге көлемінде пара берген. Пара беру арқылы ол тендер нәтижелерін жоққа шығармақ болған.

М.К. Мырзатаев пен Е.Б. Медеубеков қылмыс кезінде ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша қамау изоляторына жеткізілді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642357-elimizde-taghy-bir-sheneunik-43-mln-tenhge.html