RU

Бозымбаев: Менің тағдырым президенттің қолында

Бүгін Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев президенттен Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа елдегі бензин тапшылығының орын алуына қатысты сөгіс жариялауды сұрайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде Бозымбаев Сағынтаевтың сынына пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отырыс барысында ел премьер-министрі Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты сынға алып, одан АИ-92 бензинінің неліктен шарықтап кеткенін түсіндіруді талап етті.

Өз кезегінде Қанат Бозымбаев Сағынтаевтың сынына жауап берді.

Тағы оқыңыздар: Премьер-министр: Бозымбаевқа сөгiс жариялау туралы мемлекет басшысына өтiнiш жасаймын

"Мен жоғарғы басшылықтың шешімін талқыламаймын. Ол өз құзыреті шеңберінде шаралар қолданды. Мен бұл жағдайдан шығудың жолдарын көрсетіп, презентация жасадым. Бензин бағасының өзгеруі салдарынан түрлі жанармай бекеттеріндегі баға да түрліше құбылып тұр. Кейбірі адал сатты, кейбірі ұстап тұрды", - деді Бозымбаев.

"Мен министрмін. Мен тағдырым президенттің қолында. Ол қалай айтса, солай болады", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642732-bozymbaev-meninh-taghdyrym-prezidentt.html