RU

Финляндия дәрігерлері жүкті ер адамды қалай босандырарын білмей, әлекке түсуде

Финляндия дәрігерлері аяғы ауыр транссексуал еркекті қалай босандырарын білмей әлек болып жатыр деп хабарлайды "Сегодня" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дүние есігін нәзік жанды болып ашқан әйел 2016 жылы жынысын өзгертіп, ер адамның құжаттарын алған. Транссексуал операциядан соң гормоналды терапияны тоқтатуға шешім қабылдап, жүкті болғысы келеді. Ақыры аяғында ол арманына жетіп, бала көтерген.

Ер адамның айтуынша, жүктілік мерзімі жақсы өтіп жатыр екен. Дегенмен, дәрігерлер қолданатын компьютерлік бағдарламалар ұрықты анықтай алмай жатқан көрінеді. 

Тағы оқыңыздар: 19 жасында Сирияға кеткен ақтөбелік келіншек жаңа күйеуінен қыз туып алды (фото)

Транссексуалдардың мәселесімен айналысып, олардың құқығын қорғайтын Seta ұйымы қызметкерінің айтуынша, бұл - Финляндиядағы ер адам жүктілігі бойынша алғашқы жағдай болмауы мүмкін.

«Теориялық тұрғыдан қарағанда, егер биологиялық әйел жынысын өзгертсе, операциядан кейін гормоналды терапияға үзіліс жасай алады және сәбиді дүниеге әкелуге болады. Мүмкін бұған дейін де осы әдіс бойынша балалы болған жұптар бар шығар", - дейді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642838-finlyandiya-darigerleri-zhukti-er-adamd.html