RU

Бірнеше қызды қорқытып, зорламақ болған министрлік қызметкері 11 жылға сотталып кетті

Ақмола облысы денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы заңгері қызды зорлауға әрекет жасап, өлтірмек болғаны үшін сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Тергеу мәліметінше, қылмыскер 2013 жылы Көкшетауда түнгі клубтан шыққан екі қыздың соңынан көлікпен аңдып, біреуін травматикалық тапаншамен қорқытып, зорламақ болған. Қыз әрең дегенде құтылыпты.

Сонымен қатар 2016 жылы ер адам қызды моншаға апарып, сол жерде зорламақ болады. Жәбірленуші администраторды шақырып, қашып кетеді де, болған жайтты туысына айтып берген. Ал ол күдіктіні телефон арқылы кездесуге шақырады.

Тағы оқыңыздар: 19 жасында Сирияға кеткен ақтөбелік келіншек жаңа күйеуінен қыз туып алды (фото)

Күдікті мемлекеттік нөмірін шешіп, көлікпен келеді де травматикалық тапаншамен жәбірленуші азаматты атады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қашықтықта адамның өліп кетуі де мүмкін.

Тергеу бірнеше рет тоқтатылған, алайда жәбірленушілердің шағымы мен Бас прокуратураның наразылығына сәйкес тергеу соңына дейін жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті бұдан бұрын да біреудің үйіне басып кіріп, зорлауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ ол кезде екі жақтың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылыпты.

Ақмола мамандандырылған ауданаралық соты отыз жастағы ер адамды он бір жылға соттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1642914-birneshe-qyzdy-qorqytyp-zorlamaq-bolgh.html