RU
Қайрат Нұртас: Жұлдыз шыққаннан кейін біразы әйелдерін көрсете бастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас: Жұлдыз шыққаннан кейін біразы әйелдерін көрсете бастады

Расказать Вконтакте

Қазақстан шоу-бизнесінің ең жарық жұлдызы саналатын танымал әнші Қайрат Нұртас күні кеше ел-жұртқа он жыл бойы жасырып келген келіншегін көрсеткен болатын. Осы орайда ол өзінен кейін өзге де әріптестерінің әйелдерін "жарыққа шығара бастағанын" айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас: Жұлдыз шыққаннан кейін біразы әйелдерін көрсете бастады

Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен. Фото: nur.kz

Режиссер Рашид Сүлейменовтің "Арман" атты фильмінде басты рөлді сомдаған жұбайлар картинаның ресми тұсаукесерінде көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берген болатын.

"Жұлдыз он жыл бұрын қандай болса, қазір де дәл сондай қарапайым, дәл сондай әдемі", - деп келіншегін мақтаған Қайрат Нұртас Жұлдызға көпшіліктің көзінше "рахмет саған жаным-ау" деп алғыс білдірді.

Тағы оқыңыздар: Жүз грамм ішімдік үшін бақаны тірідей жұтқан азамат жұрттың ашуына тиді (видео)

Сонымен қатар ол бұл күнді жұбайының ұзақ күткенін де айтып қалды.

"Осы күнді қанша күттің. Бізге де оңай болған жоқ. Бір жағынан бұл бір "пример" болды. Жұлдызды көрсеткеннен кейін біразы әйелдерін көрсете бастады ғой...(күліп)

Ал, негізі мұның бәрі Алланың қалауымен болды. Мүмкін осының бір қайыры болып тұрған шығар. Сондықтан жақсы жағынан түсініңіздер", - деп түйіндеді сөзін әнші.

Сіздің реакцияңыз
14
10
11
6
13
64
31
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір