RU

Жерге алапат магниттік дауыл жақындап келеді

«Фобос» ауа райы орталығының синоптиктері осы кезеңде техногенді апат ықтималдығы артатынын ескертті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, 13-14 қазан күндері Жерге жететін күн желі кезекті магниттік дауылға себепші болады.

Тағы оқыңыздар: Жүз грамм ішімдік үшін бақаны тірідей жұтқан азамат жұрттың ашуына тиді (видео)

«Соған байланысты 11-12 қазан, сондай-ақ 15 қазанда Жердің магнитосферасы «долы мінез» көрсетеді», - деп мәлімдеді орталық мамандары.

Сондай-ақ, синоптиктер осы күндері байланыс құралдары мен электронды құрылғылар істен шығуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643258-zherge-alapat-magnittik-dauyl-zhaqynda.html