RU

Назерке Әріпті аяусыз өлтірді деген күдікті үш рет сотталған болып шықты

Алматыда 18 жасар Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті такси жүргізушісі бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері хабарлады.

Ер адам бұзақылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмыстарын жасағаны үшін сотталған екен.

"2003 жылы ол Бостандық аудандық сотының үкімімен бұзақылық және зорлау қылмыстарын жасады деген айыппен үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылған. 2008 жылы "Тонау" бабы бойынша үкім шыққан.

Тағы оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрі: Санитарлық авиация күніне алты рет көмекке ұшады

2009 жылдың 10 ақпанында ер адам кісі өлтіргені үшін түрмеге тоғытылды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған", - деді қалалық прокуратура өкілдері.

Назерке Әріптің өлімі бойынша іс Алматы қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643270-nazerke-aripti-ayausyz-oltirdi-degen-k.html