RU

Адамша сөйлейді: Иесін "мама" деп атайтын күшік әлем назарын өзіне аударды (видео)

Сөзді адам сияқты дыбыстайтын ит жұртты таңғалдырды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бося деген иттің иесі - Наталья мен Леонид Федоренко. Олар бұл итті 11 жыл бұрын асырап алған көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас: Жұлдыз шыққаннан кейін біразы әйелдерін көрсете бастады

Натальяның айтуынша, ит адамның сөздеріне ұқсас дыбыстарды кешкілік телевизор көріп отырғанда шығаратын болған. Алдымен олар иттің бұл қылығына ерекше назар аудармапты.

Бірақ, кейінірек оның «мама» деген дыбысты шағаратынын байқаған. Қазір ол үй иелерін өзіне қаратқысы келген кезде ылғи «мама» деп үреді екен.

«Оған «мама» деп айту ұнайтын сияқты. Біз оған арнайы түрде сөйлеуді үйреткен жоқпыз. Бұл өзінен өзі осылай болды», - дейді иттің иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643300-adamsha-soyleydi-iesin-mama-dep-atayty.html