RU

Ердоған Қырымның Ресей жері екенін мойындамайтынын айтты

Түркия Қырымның Ресей жері екенін мойындамайды. Ресми сапармен Киевке барған түрік президенті Режеп Тайып Ердоған "заңсыз аннексия" деп, қазіргі одақтасы Путиннің көңіліне қарамай өз ойын қадап айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Украина әрқашан Түркияға арқа сүйей алады деген Ердоған, Қырым татарларының жағдайы мен Қара теңіздегі қауіпсіздікті де Киевпен бірлесе бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар: Назерке Әріпті аяусыз өлтірді деген күдікті үш рет сотталған болып шықты

Украина тұтастығын қолдайтынын түрік президенті былтыр да айтқан.

Ал одан бері Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынастардың қайта жандануы, Ердоғанның ұстанымын еш өзгертпеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643339-erdoghan-qyrymnynh-resey-zheri-ekenin-mo.html