RU

Қалыңдығын терезеден алып қашқан жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

Жезқазғанда күйеу жігіт қалыңдығын терезеден алып қашты. Нақтысы автокран арқылы жоғарыға көтерілген азамат сүйіктісін бесінші қабаттың балконынан шығарып алып кеткен деп хабарлайды 31 арна.

Болашақ жарының бұл жоспарынан тіпті қалыңдықтың өзі бейхабар болған. Тосыннан шыққан сүйіктісін көріп, тосылып қалған ару сасқанынан үйде жүрген аяқ киімімен шығып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында басы биттеп кеткен адамдар көбейген

Ал алып қашу операциясы жүріп жатқан кезде күйеу жігіттің достары сан түрлі тапсырламаларды орындап, қызға қалың мал төлеп жатқан еді.

Осылайша тойға бір күн қалғанда кранға тапсырыс берген күйеу жігіт те, сүйіктісінің тосынсыйын ұнатқан қалыңдық та «бұл біз үшін ұмытылмас күн болды» дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643431-qalynhdyghyn-terezeden-alyp-qashqan-zhig.html