RU

+18: Қайрат Нұртастың елді шулатқан фильмінің көрсетіліміне шектеу қойылды

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінің көрсетіліміне шектеу қойылды. Фильмді 18 жастан асқан көрермендер ғана көре алатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі "Арман" деп аталатын фильмінің көрсетіліміне көрермендердің жас ерекшеліктеріне қарай шектеу қойылғаны туралы хабарлады. Енді фильмді тек 18 жастан асқан көрермендер ғана көре алады. Себебі кинокартинада зорлық пен қаталдықты көрсететін кадрлар кездеседі.

Тағы оқыңыздар: Әліби ісі бойынша сотталған Жамалиевтің өтінішін судья қанағаттандырмады

Фильм 12 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Еске салсақ, дүйсенбі күні киноның тұсаукесері өтіп, әнші өзінің жары Жұлдызды алғаш рет елге таныстырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643553-qayrat-nurtastynh-eldi-shulatqan-zhanha-f.html