RU

Каталония басшысы Испаниядан тәуелсіз ел екенін жариялап жіберді

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон аймақтың басқа да басшыларымен бірге Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алатыны туралы декларацияға қол қойды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы автономия үкіметінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтылған.

Тағы оқыңыздар: Түркменстан президенті ерен еңбегі үшін өз-өзіне батыр атағын берді

Каталонияны тәуелсіз мемлекет ретінде растайтын декларацияға Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункерас, каталондық парламенттің спикері Карме Форкадель және 72 депутат қол қойған.

Естеріңізге сала кетсек, Карлес Пучдемн парламенттен Испаниядан тәуелсіздік алу туралы мәселені кейінге қалдыруды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643641-kataloniya-basshysy-ispaniyadan-tauels.html