RU

Желіде Трамп, Әблязов пен Храпуновтың байланысы туралы фильм жарыққа шықты (фото)

Голландиядағы Zembla телевизиялық бағдарламасы АҚШ президенті Трамптың бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттеріндегі байланысы туралы фильмді жарыққа шығарды. Деректі фильмнің үшінші бөлімінде Дональд Трамптың бизнес серіктесі Феликс Сатер, сондай-ақ, Виктор Храпунов және Мұхтар Әблязовпен байланысы туралы айтылады деп  хабарлайды NUR.KZ.

Роберт Мюллер есімді арнайы прокурор Трамптың бұрынғы әріптесінің орыс мафиясымен тығыз байланысты екенін анықтаған. Сатер басқаратын жылжымайтын мүлік компаниясы голландиялық фирма арқылы ақша жымқырумен айналысады.

Ал Трамп болса Сатердің компаниясымен біріге отырып, қонақ үйлер мен тұрғын үйлер сала бастаған.

Деректі фильмнің соңғы бөлімінде Сатер мен Bayrock компаниясының ірі көлемде ақша жымқырып, алаяқтықпен айналысқаны көрсетілген. Bayrock компаниясын Қазақстанда туылған бизнесмен Тофик Арифов басқарады.

Тағы оқыңыздар: Премьерден сөгіс алған Бозымбаев бензиннің бәрібір қымбаттайтынын айтты

Фильмде Фелиск Сатер мен Виктор Храпуновтың компаниясы туралы да айтылады. Олардың компаниясы ақша жымқырумен айналысқан. Сондай-ақ, журналистер Виктор Храпуновтың қызы Эльвираны да назардан тыс қалдырмады.

Ойыншық және балалар киімін сататын дүкендердің иесі Эльвира Калифорнияда тұрады. Ол Трамп салған үйлерден бірнеше рет жекежай сатып алыпты. Журналистер  2004 жылы Эльвираның есепшотына белгісіз кипрлік компаниядан 5 млн доллардың аударылғанын айтады.

Деректі фильмде Мұхтар Әблязовтың да аты кездеседі. Қашып жүрген саясаткердің қызы Мәдина мен Храпуновтың ұлы Ілиястың некесі де терең зерттелген. Фильм авторларының айтуынша, олардың некесі арқылы екі отбасының байлығы еселенген.

Журналистер Әблязовтың голландиялық компания арқылы ақша жымқырғаны туралы да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643713-zhelide-tramp-ablyazov-pen-khrapunovtynh.html