RU

Елімізге танымал продюсер келінімен бірге қыз ұзатуға шыға бастады (видео)

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келіні Жұлдызбен бірге қыз ұзатуға шыға бастады. Желіде пайда болған ұзатудың видеосын көрген тыңдарман оларды қатаң сынға алды.

"Бәрін қойып енді өздері шықты ғой. Бізде саны бар, сапасы жоқ әншілер жетеді", "Елді өздеріне қаратудың амалы", "Ұлы аздай, енді келіні екеуі шыға бастаған ба", - деп жазған кей желі қолданушылары.

Оқырмандардың енді бірі бұл жәй ғана таныстарының тойы екенін және қыздың ата-анасының сұрауы бойынша айтылып жатқан ән екенін алға тартты.

"Не болды сонша көре алмай?! Туыстары өтінген болар", "Сіздердің нелеріңіз кетті, өздері біледі ғой", "Бәрі жарасады оларға, көре алмағандар үндемей ғана отырыңыздар",- деп жазған.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың әкесі келінін "құлша" ұстайды дегендерге өз жауабын берді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643848-qayrat-nurtastynh-anasy-kelinimen-bir.html