RU

Әлемге әйгілі Шакира қызғаншақ күйеуімен ажырасқалы жатыр (фото)

Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира мен "Барселона" ойыншысы Жерар Пике ажырасқалы жатыр.  Бұл туралы Spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шакира мен Пикенің ажырасатыны туралы әлемдік БАҚ жарыса жазуда. 40 жастағы әнші өзінен он жас кіші күйеуімен ажырасуға бірінші өзі өтініш білдірген. Инсайдерлердің айтуынша, Шакира балалары мен отбасына уақыт жеткізе алмайтын Пикеден шаршапты-мыс.

Сондай-ақ, жұбайлардың бөлек кетуіне футболшының қызғанышы себеп болды деушілер де бар. Пике әйелінің бейнебаяндарына жігіттерді түсіруге үзілді-кесілді тыйым салған болатын.

Әзірге, жұлдызды жұптың ажырасытыны туралы ресми мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік,  Шакира мен Пике 2010 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында танысқан. 2011 жылдан бастап ел көзіне көріне бастаған олар екі бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643916-alemge-aygili-shakira-qyzghanshaq-kuyeu.html