RU

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында халық ұзын-сонар кезекке тұрды. Қырғыз елін бетке алғандар шекарадан өте алмай, желіге суреттерін жүктей бастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұзын-сонар кезек Қордайда орын алған. Желі қолданушылары бірнеше сағат бойы кезек күтіп, шекарадан өте алмай тұрған сәттерін желіге жүктеуде.

Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, 10 қазаннан бастап шекарада күшейтілген режим орнатылған. Бұл Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты орын алған жайт. Қырғызстан тарапы шекарада орын алған келеңсіздіктер үшін кешірім сұрап, халықты түсіністікпен қарауға шақыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643967-qazaqstan-men-qyrghyzstan-shekarasynd-2.html