RU

Назарбаев үкіметке қол жаймайтын ақтөбеліктерді Қызылорда жұмысшыларына үлгі етті

Ақтөбеден шығып бірден Қызылорданы бетке алған Нұрсұлтан Назарбаев ондағы құрылысшылармен кездесті. Өңірдегі жетістіктерді тізбелеген Сыр бойының құрылысшыларына мемлекет басшысы Ақтөбедегі үй құрылыстарын үлгі еткен деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі құрылыс жұмыстарына көңілі толатынын, баға тұрғысынан да баспаналы болудың көңілге қонымды екенін алға тартқан.

«Ең бастысы, ақтөбелік құрылысшылар үкіметке қол жаймай, құрылыс жұмыстарын өз есебінен жүргізген», — деген елбасы Қызылорда облысының құрылысшыларымен кездесуінде.

Тағы оқыңыздар: Каталония басшысы Испаниядан тәуелсіз ел екенін жариялап жіберді

Назарбаев сонымен бірге тәуелсіздік алғалы бері бизнес субъектілеріне үкімет тарапынан көп жағдай жасалғанын, қиын шақтарда кәсіпкерлердің де мемлекетке көмектесулері керектігін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ақтөбеде өткен «Туған жер» республикалық жерлестер форумына 20 елден 300-ге тарта адам келген болатын. Шалғайда жүрген жерлестер көрсеткен көмек шамамен 1,5 млрд теңгеге бағаланды. Көмек мұнымен тоқтап қалмайды. Болашақта сыртта жүрген ақтөбеліктер 5 млрд теңгеге көмек көрсететін болып кетті.

Жерлестер форумы барысында олар жалпы сомасы 5 млрд. теңге болатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1643969-nazarbaev-ukimetke-qol-zhaymaytyn-aqt.html