RU

Жаңа жылдан бастап еліміздегі жәрдемақы мөлшері көбейеді

Қазақстанда келер жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақылар көбейетін болады деп хабарлайды tvk-uko телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атаулы әлеуметтік көмек бірыңғай атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілмек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысы кезінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев үкіметке қол жаймайтын ақтөбеліктерді Қызылорда жұмысшыларына үлгі етті

Біріншіден, қазіргі таңда көп балалы және жағдайы жоқ отбасыларға көрсетіліп отырған жәрдемақының үш түрі бірыңғай жәрдемақы ретінде ұсынылатын болады. Нақтырақ айтсақ, бұл жаңалық арнайы мемлекеттік, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрлеріне қатысты болмақ. Бірыңғай әлеуметтік жәрдемақының көлемі осы үшеуінің жиынтық сомасынан да көбірек болмақ. 

Екіншіден, атаулы әлеуметтік жәрдемақыға қосымша әрбір еңбекке жарамды азаматқа мемлекет тарапынан мамандық алу және оқыту мәселесі бойынша қолдау көрсетілмек. Сонымен бірге, оқудан кейін жұмыс табуда немесе өз ісін ашу үшін шағын несиелер алуда да көмек көрсетілетін болады.

Үшіншіден, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасы мүшелеріне мемлекет арқылы кепілдендірілген арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644070-zhanha-zhyldan-bastap-elimizdegi-zhardem.html