Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейфуллин көшесінде тәнін саудалаған атыраулық жезөкше бақытын қалай тапты? (фото)

Опубликовано:

Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 19 және 21 жастағы қыздар «Ақ Жайық» редакциясына шағымданып барған. Осы жылғы тамызда олар тағы үш қызбен бірге сутенерлікпен айналысқан А-ның үстінен күштеп ұстайды деп полицияға арыз түсіріпті. Алматылық сутенер Атыраудағы тергеу абақтысында қамауда отырса да, қыздар оның тарапынан қазір де қорқытып-үркітулердің толастамай отырғанын айтады.

Еске сала кетейік, ІІД қызметкерлері Алматыдан келген бес қызды Сәтпаев даңғылының бойындағы жалдамалы пәтерде интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген 48 жастағы сутенерді қолға түсірген болатын.

"Ол бәрібір бостандыққа шығып кетемін, көздеріңді құртам деп қорқытып отыр. Ал ол босап шықса, ешқайсысымызды тірі қалдырмайды, бізді шынымен де өлтіреді", - дейді Мира мен Арай (қыздардың есімдері өзгертілген).

Айтуларынша, Е. А. олардың жеке куәліктерін тартып алып, қарызға кіргізіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Көнбесе соққыға жығып, кетемін деген жағдайда анасына не бауырына қандай іспен айналысып жүргенін айтамын деп қоқан-лоққы көрсетіп отырыпты.

Тағы оқыңыздар: Жігер Ауыпбаевтың табынушысы "сен үшін өмірімді қиямын" деп әншіні қорқытқан

Қыздар сутенермен қалай танысқанын, мұндай жолға қалай түскенін де айтып берді.

"Өзім көп балалы отбасыданмын. Әке-шешемнің ақшаны не тамаққа, не киімге жеткізе алмай қиналып қалатын кездері көп болатын. Қыз бала қашан да үйін ойлайды ғой, оларды қатты аядым, көмектескім келді. Ағаларым болса да, олардан үміт жоқ еді. Сөйтіп, 18 жасымда ақша табудың жолдарын іздеп жүргенде қыздармен таныстым. Кейін соларға еріп, Алматыдағы Сейфуллин көшесіне тәнімді саудалауға шықтым", - дейді жәбірленуші бойжеткендердің бірі.

Қазір құрбысының үйінде тұрып жатқанын айтқан Рита сүйікті адамын жолықтырған. Жақында тұрмысқа шығуды жоспарлаған ол көп кешікпей ана атанады екен.

Тағы оқыңыздар: Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды

"Мен бұл іспен енді, құдай сақтасын, айналыспаймын", - деп ағынан жарылған бойжеткен жігітінің өз өмірі туралы білмейтінін айтты.

"Жігітім кезінде мұндай жолда жүргенімді білмейді, әке-шешем де менің мұндай жолда жүргенімді білмейді. Білмесе екен деп тілеймін", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1644072-aqshadan-qysylyp-zhezokshelik-zholyna-tu/

pixel