RU

Ағайынды екі жігіт қызғаныштан бойжеткенді соққыға жығып, өлтіріп қойды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының құзырлы органдары қызғаныштан бойжеткенді өлтірді деген күдікпен ағайынды екі жігітті қамауға алды деп хабарлайды Азаттықтың орыс бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ІІБ мәліметінше, ұсталған күдіктілер туған бауырлар. Олардың бірі қаза болған қызбен көңіл жарастырған.

Азаттыққа Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Сталбек Усубакуновтың айтуынша, 10 қазан күні милицияға 27 жастағы қыздың ауыр жағдайда емханаға жеткізілгені жайлы хабарлама түскен. Қызды көшеде өтіп жатқандар байқап қалған.

Тағы оқыңыздар: Миы сыртына біткен сәби сегіз ай бойы өмірімен қалай күресті?

Алайда марқұм тілге келместен ауруханада көз жұмған.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Бөстері аулының 31 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Милицияның алдын ала мәлімет бойынша кезекті кездесудің бірінде олардың арасында қызғаныштан жанжал туындап, ағайындылар бойжеткенді соққыға жыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644176-aghayyndy-eki-zhigit-qyzghanyshtan-boyzhe.html