RU

Миы сыртына біткен сәби өлер алдында көзін ашып, анасымен қоштасқан (фото)

Солтүстік Ирландия тумасы Мэй Роуз энцефалоцеле деп аталатын дерттің ауыр формасымен ауырған. Оның миының жарты бөлігі басының сыртына туа біткен. Сәбидің 24 жастағы анасы сегіз ай бойы дертімен қалай күрескенін айтып берді.

Жүктіліктің 20-сы аптасында қызының осындай диагнозбен туылатын естіген Анэли оны кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. 9 наурызда өмірге келген сәби бұл диагнозбен сегіз ай бойы өмір сүріп, барынша күресіп баққан.

"Қызымды құтқара алмайтынымды білдім. Бірақ оны дүниеге әкелмесем, ешқашан өз өзімді кешірмес едім", - дейді ол.

Тамыз айында сәбиге Оксфорд дәрігерлері ота жасады. Сегіз сағат бойы жасалған ота зая кетіп, қазан айында сәби шетінеп кеткен.

Бір қызығы, өлер алдында кішкентай сәби көзін ашып, анасымен қоштасқан.

"Ол өзінің уақыты біткенін түсінген сияқты болды. Өлер алдында анасының жүзін көріп кетті", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644180-miy-syrtyna-bitken-sabi-segiz-ay-boyy-o.html