RU

Оқушылардан тым арзан сыйлық алған мектеп мұғалімі реніштен жылап жіберді

Ресейдің Краснодар қаласында оқушылардан тым арзан сыйлық алған мектеп мұғалімі реніштен жылап жіберді деп хабарлайды "Российская газета" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

5 қазан күні краснодарлық оқушылар ұстазына екі мың рубль мен гүл шоғырын сыйға тартқан. Алайда сыйлық ұстаздың көңілінен шықпаған.

Тағы оқыңыздар: Сиви Махмудидің өзге жігітпен "көңіл қосқаны" рас па?

Ол бұл сыйлық өте арзан екенін және оның еңбегі одан да артық тұратынын айтып, жылап қалған. Оның айтуынша, мұндай сыйды барлық оқушылардан емес, бір ғана отбасыдан алуы керек болған. Сонымен бірге ол басқа ұстаздардың қымбат сыйлық алатынын айтқан.

Салдарынан мұғалім жұмысынан қуылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644221-oqushylardan-tym-arzan-syylyq-alghan.html