RU

Өз-өзіне батыр атағын берген президент Путинді күшікпен қуантты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Ресей президенті Владимир Путинді өткен туған күнімен құттықтап, оған «Верный» деген алабай күшігін сыйға тартты деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Сізді өткен туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық пен табыс және бар жақсылықты тілеймін", - деп ағынан жарылды түркімен басшысы кездесу басында.

Тағы оқыңыздар: Семей тұрғыны интернетте жалған ақпарат жазғаны үшін сотталып кетті

Тіпті, Бердымұхамедов Путиннің экологияны қорғауға қосқан орасан зор үлесін де атап өтті.

"Біздің ортақ бір досымыз бар. Ол әлемдегі жалғыз ит - алабай. Оны бүгін өзіммен бірге сізге ала келдім", - деген президент Путинге сыйлығын тарту етті.

Еске сала кетейік, Түркіменстан президенті ерен еңбегі үшін өз-өзіне батыр атағын берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644511-oz-ozine-batyr-ataghyn-bergen-preziden.html