RU

ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім тіл тартпай кетті

ОҚО-да мақта теруге барған 16 жасар бала көз жұмды. Оқиға Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекенінде болған деп хабарлайды ОҚО ТЖД-не сілтеме жасаған  ТВК арнасы. 

Хабарламада көрсетілгендей 2001 жылы туылған жергілікті тұрғын 10 қазан күні егіс алқабына жұмыс істеуге барған. Сөйтіп, тіркемеге тиелген мақтаның үстінде жатып ұйықтаған.

Тағы оқыңыздар: Талдықорғанда қызметкерлер басшыларының құлша жұмсайтынын айтып, шу шығарды

Бірақ, оны өзге жұмысшылар байқамай, комбайнмен арбаға өнімді артқан. Салдарынан бала тұншығып, сол жерде көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644578-oqo-da-maqta-teruge-barghan-zhasospirim.html