RU

ЭКСПО-дан кейін пәтер бағасының арзандайтыны рас па?

Үш ай бойы «ЭКСПО» деп «сабылған» астаналықтарды, енді, көрмеден кейін оларды қандай өзгеріс күтіп тұр деген сауал мазалауда. Тұрғындарға арасында тарап кеткен «ақпаратқа» сенсек, «ЭКСПО»-дан соң, бас шаһардағы пәтерлер бағасы төмендеп, көпшілікке арзан бағамен таратылады-мыс. Айтулы шарадан соң Астананың баспана нарығында қандай өзгерістер болды? Қымбат әрі элиталық тұрғын-үй кешендері қарапайым халыққа төмен бағамен таратылатыны рас па? NUR.KZ тілшісі аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

«ЭКСПО»-дан кейін, «тегін пәтер» беріледі деген қауесеттің рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатында, «Витрина Недвижимости» канада-қазақстандық сараптамалық компаниясы, коммерциялық бөлім басшысы Әсем Болатқызымен сұхбаттасқан едік.

Маманның сөзіне сенсек, көрмеден кейін шаһардағы үй бағасы сол қалпында қала бермек.

«ЭКСПО»-дан кейін көптеген пәтерлер сатылса да, олардың бағасы сол бұрынғысынша сақталып қалмақ, яғни, арзандамайды. Иә, бәлкім, Қазақстанның басқа өңірлерінде пәтер бағасы төмендеуі мүмкін, бірақ Астанада емес. Себебі, сұраныс көп, ал сұраныс көп жерде баға да төмендемейтіні анық. Негізі, қазіргі таңда, Астанадағы пәтерлер бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама түскен, нақтырақ айтсақ, 10%-ға арзандады», - дейді сарапшы.

Тағы оқыңыздар: Алматыда прокуратура басқармасының бастығы тұтқындалды

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ауқатталардың дені миллиондаған қаражаттарын құнды қағаздарға емес, мүлікке, соның ішінде, пәтер-үй алуға жұмсайтынын атап өтті.

«Қазақтарды білесіз ғой, көшпелі халық және балалардың болашағына қатты мән беретін ұлтпыз. Барлық жиған-тергенін, құнды қағаздарға, алтын немесе басқа да заттарға жұмсайтын халық емес. Сондықтан да болар, ауқаттылар көбіне-көп қаражаттарына мүлік, оның ішінде, үй-пәтер алуға жұмсайды. Себебі, қай уақытта да күйіп кетпейтін, өз құнын жоғалтпайтын тек қана – мүлік», - деп сөзін қорытындылады маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644850-ekspo-dan-keyin-pater-baghasynynh-arzan.html