RU

Ақтөбеде 19 жастағы студент университетте өлі күйінде табылды

Ақтөбедегі медициналық университеттің студенті Есет Нұрдәулет оқу орнының әжетханасынан өлі күйінде табылған деп хабарлайды "Диапазон" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орын алған күні Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен конференция өтіп жатқан.

Есет Нұрдәулет іс-шарада ән орындайтын хорда өнер көрсететін болған. Бірақ 19 жастағы студент әжетханаға барғанда жағдайы нашарлап кеткен екен.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстанда таққа талас: Атамбаев ел есінде несімен есте қалды?

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі«Я – студент ЗКГМУ» деп аталатын пабликте студенттердің бірі жайтты баяндаған. Ол дәрігерлерді кінәлап, олардың өзімен бірге дефибрилляторы болмағанын айтқан.

Алайда жедел жәрдем дәрігерлері болса, оның бұл нұсқасын жоққа шығарды. Олар студенттің медицина қызметкерлері келгенше көз жұмғанын айтуда. Студенттың бронх демікпесі болған, алайда ол дәл сол күні ингаляторын үйіне тастап кеткен.

Есет Нұрдәулетке алғашқы көмек көрсетілгенімен, одан еш пайда болмаған. Ол сол күйінше оянбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644899-aqtobede-saparbaevtynh-aldynda-oner-k.html