RU

Алматылық қыздар бай жігітке тұрмысқа шығу үшін миллиондаған қаражатын желге шашқан

Алматыда қыздарға өзін ауқатты адам ретінде таныстырып, олардан миллиондаған қаражат алған алаяқ ұсталды деп хабарлайды Patrul.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алаяқ қыздармен танысып, бірнеше кездесуден кейін оларға үйленгісі келетінін айтқан. Оларды "отбасымен" таныстырып, қымбат мейрамханаларға да апарып отырған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 19 жастағы студент университетте өлі күйінде табылды

Өзінің "өмірлік серігін" кезіктірген алматылық бойжеткендер бай жігітті жіберіп алмау үшін оған миллиондаған қаражаттарын аямай, ақшасын желге шашқан.

Ал алаяқ ақшаны көлік немесе жылжымайтын мүлік үшін қажет екенін айтып, түсіндірген.

Кей бойжеткендерге ол беделді қызмет ұсынып, бұл үшін белгілі бір сома беру қажеттігін айтады екен.

Ақшаны алып алған соң барлық қатынастарды үзіп, мүлдем хабарсыз кетіп отырған. Оның алаяқ екенін білген қыздар полицияға жүгініп, арыз жазуға мәжбүр болғанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстанда таққа талас: Атамбаев ел есінде несімен есте қалды?

Қазіргі таңда Алмалы ауданында орын алған алты алаяқтық дерегі анықталды.

Оның үстінен Әуезов ауданынан да бірнеше іс қозғалғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері одан зардап шеккен өзге де қызметкерлерді іздестіруде.

Егер қандай да бір мәлімет болса: 8 (727) 254-46-12, 254-46-66, 8-700-777-02-65, 8-747-229-05-28 телефондары бойынша байланысуға болады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644930-almatylyq-qyzdar-bay-zhigitke-turmysq.html