RU

Атышулы Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы күйеуін үш жылға соттап жібергенін хабарлады (видео)

Бопсалау күдігімен тұтқындалған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы Жәмилия Аимбетова-Тоқмәди кәсіпкерге жабық сот отырысында үкім шығарылғанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

"Бүгін алғаш рет өз туған күнімді отбасым мен жақындарымның ортасында атап өтіп жатқаным жоқ. Кеше жабық сот отырысында оған үкім шығарып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол жасамаған қылмысы үшін келтірген шығынның есебі ретінде 700 мың АҚШ долларын өтейтін болды.  Мен күйеуімнің өмірі, бостандығы, ары үшін күресетін боламын. Қолдау білдіргендеріңізге және құттықтауларыңызға рақмет!", - деп жазды Жәмилия өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, арнайы жасақ қызметкерлері 12 маусымда Алматыда жүргізілген арнайы операция барысында кәсіпкер, «Қазстройстекло» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәдиді тұтқындаған болатын. Ол ірі көлемде ақша бопсалады деген айыппен қамауға алынған.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы топ-менеджерлер айына 400 мың теңгеге элиталы үй жалдап тұрады

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Тоқмәди 2005 жылдан бері қылмыстық топ құрып, «Қазстройстекло», «Семрюжком» ЖШС еншілес құрылтайшысын қорқытып-үркітіп, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталдың үлесін тартып алған. Осылайша кәсіпкерге 185 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644948-atyshuly-muratkhan-toqmadidinh-zhubayy-k.html