Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есірген әйелді қалай сабасына түсіру керек екенін айтқан діндар желіде талқыға түсті

Опубликовано:

Желіде бір топ ер адамдарды жинап алып, оларға шайпау әйелді қалай сабасына түсіру керек екенін айтқан діндар кісінің уағызы тарап кетті. Ол жаңадан үйленген жігіттерге "әйелің есірсе, екінші әйел ала бер" деп кеңес айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде тарап кеткен видеода діндар әйелдер бағынбаса, екінші әйел алуға бірден бір себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Жастар, үйленген жас азаматтардың еске салып айтатыным: кімнің қатыны шайпау болатын болса, екінші қатын алам деп ала бер. Себебі соның өзі жеткілікті сылтау. Екіншісін, үшіншісін ала бер. Ананың сөзі керек болсын, болмасын. Бағынбай бара жатса, оның тізгінін тартыңқырайсың. Оған қоса бір бишаралардың сауабын аласың, бала-шағаң көп болады", - деді ол өз уағызында.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 19 жастағы студент университетте өлі күйінде табылды

Ал желі қолданушылары болса, оның бұл сөздеріне түрліше жауап қайырды.

Қыз-келіншектер жағы наразы болып, мұндай уағыздар елдің отбасын бұзуға себеп болатынын айтуда.

"Далада қалған бала-шағаларыңа ие болып алсаңдаршы бірінші, екінші әйел алу туралы ойланбай", "Бірінші отбасын асырай алмай жүргендер қаншама, әйелді ұру-соғу деген осыдан басталады", - деді олар.

Ал көптеген ер-азаматтар ол кісінің уағызына назар аударып, оның дұрыс айтып отырғанын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1644966-esirgen-ayeldi-qalay-sabasyna-tusiru/

pixel