RU

Төреғалидің кешінде әншінің жанкүйерін сахнадан сүйреген күзетші ұятқа қалды (видео)

Төреғали Төреәлінің Республика сарайында өтіп жатқан "Айхай - 25" атты бес күндік концерті кезінде әншіге гүл беруге шыққан тыңдарманды күзетшілері сахнадан сүйреп әкетпек болды. Күзетшінің кешігіп келіп, ел алдында бойжеткенді жұлқылауын көрген Төреғали оған ұрсып тастады.

Аталған видео Instagram желісінде жарияланды.

"Қойыңыз, ол гүлді беріп жатыр. "Ай-хай 25" барып, айқай болып кетіп жүрмесін айналайындар. Сахнаға шығып тұрғаннан кейін, үндінің полицейлеріне ұқсап неғып кешігіп жүрсіз?!",- деді Төреғали.

Тағы оқыңыздар: Досхан Жолжақсынов қырғыз әріптестерінің өзін қалай өлтірмек болғанын айтып берді

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Алматы төрінде 25 жасқа толуына орай бес күн қатарынан жеке кешін өткізіп жатыр. Кеште еліміздегі танымал әншілер өнер көрсетіп жатыр. 17-ші қазан күні әншінің үш жыл күткен үйлен тойы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1644976-toreghalidinh-keshinde-anshininh-zhankuye.html