RU

Алматыда денесінің 40 пайызын күйік шалған жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Дəрігерлер құрылыс жұмыстары барысында тоқ соққан жұмысшының қазіргі жағдайын айтып берді. 25 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№4 аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Сүлейменов Бекболаттың айтуынша, пациенттің денесінің 40 пайызын күйік шалған.

"Пациент келе салысымен мультидисциплинарлық көмек ұйымдастырылды. Командаға комбустиолог, травматолог, реаниматолог, хирург мамандары кіреді. 10 минуттан соң дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. 25 жастағы жігіт қазір күйік шогын басынан кешіріп жатыр. Шок жағдайынан шыққан соң күйік ауруы басталады. Ол 15-20 күнге дейін созылуы мүмкін. Əзірге болжам айту қиын", - дейді Бекболат Сүлейменов.

Тағы оқыңыздар: Желіде Айгүл Иманбаеваның сүйіктісімен құшақтасып тұрған суреті пайда болды (фото)

Аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Биқоңыров Нұржанның айтуынша, науқасты электр тогы соққан.

"Беті, кеуде тұсы, қол-аяғы күйген. Оған күйіктің 2-3 дəрежесі деген диагноз қойылды", - дейді Нұржан Биқоңыров.

Оқыс оқиға кеше Гоголь Төлебаев көшесінің қиылысында болған. Жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы құралымен кабельді түртіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645124-almatyda-denesininh-40-payyzyn-kuyik-shal.html