RU

Елімізге танымал актер болашақ жары туралы бар шындықты айтты

Жуырда ғана інісі отау құрған актер Артур Төлепов келесі жылы шаңырақ құратынын айтты. НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сұхбат берген әртіс жарымен мейрамханада танысқанын айтты.

"Болашақ жарымның өнерге еш қатысы жоқ. Оқуын бітірген, есімі Мадина. Алла қаласа, келесі жылы үйленем деген ойым бар. Мадинамен ол жұмыс істейтін мейрамханада танысқанбыз",-деді Артур.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмаханның "Қайдасың" әні енді Америкада хит болуда (видео)

Жарым деп таңдаған ғашығын, Артурдың жұрттан жасыруында өзіндік себебі бар. Төлепов сері сүйген сұлуына көз тие ме деп қорқатынын жасырмады.

"Өзінің қарапайымдылығымен, өзінің тәрбиесімен мені баурап алды. Той енді.... Алдын ала айтуға болмайды дейді. Барлығын шақыруға тырысамын, Алматыда болады",- деді ол.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645225-elimizge-tanymal-akter-bolashaq-zhary-t.html