RU

Ақтөбелік психологтар өмірден түңіліп кеткен жас жігітті ажалдан арашалап қалды

Ақтөбеде әйелдерді қолдау орталығы дөңгелек үстел басына психолог мамандарды жинады. Әр сала мамандарымен жұмыс істеген психологтар күйзеліске түскен адамдардың көбейгенін айтып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі «Сенім» телефонында отыратын мамандар өмірден түңіліп кеткен жетім балаға үміт сыйлағандарын айтып берді.

«Кеңес беру кезінде бір жетім баламен сөйлестім. Кішкентай кезінен балалар үйінде тәрбиеленген. Қазір ол жігіт 27 жаста, екінші топ мүгедегі. Бізге тұрмысының өте төмен екенін айтып хабарласты. Жәрдемақымен ғана күн көреді. Ол ақшасын жалдамалы пәтерге төлейді екен. Мүгедектігіне байланысты ауыр жұмыстар жасай алмайды. Ол балада суицидтік дүниетаным болды. «Өмірден кетсем» деп түңіліп жүрді», - дейді психолог Гүлнұр Советова.

Тағы оқыңыздар: Желіде Назарбаевтың ерекше суреті таралып кетті (фото)

Өмірден түңілген жетім балаға толық көмектесетіндерін айтқан мамандар оны ойынан айнытқан.

«Ол баламен тұрақты сөйлесе келе оның толық аты-жөні туралы ақпаратты білдік. Білім басқармасы, «Мейірім» балалар үйіне хабарласып, уақытша баспаналы болуға жағдай жасадық. Қазір денсаулығына байланысты дәрігерлік көмек алып жатыр. Ауруханадан шыққаннан кейін баланы «Мейірім» жастар үйіне жатқызатын боламыз. Ең болмаса 29 жасқа дейін өзінің қорын жинап, аяққа тұрып кеткенін тілейміз. Бізде хабарласқан адамдармен жеке кездесулер болмайды. Ол бала әлі де бақылауда. Телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз», - дейді психолог.

Ақтөбедегі сенім телефонына соғылған 376 қоңыраудың 207-сі кәмелеттік жасқа толмаған балалардан түскен. Жасөспірімдердің дені қатарластарымен түсінісе алмағандарын айтып, қалаған заттарын алып бермеген ата –аналарының үстінен шағым түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645226-aqtobelik-psikhologtar-omirden-tunhil.html