RU

Жүрсін Ерман сырқаттанып қалған жарын ойлап еріксіз көзіне жас алғанын жасырмады

Елімізге танымал ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман El.kz сайтының "120 секунд" атты жаңа жобасына берген сұхбатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, тұщымды ойларын айтты. Сұхбат барысында ақын жарты ғасыр отасып келе жатқан жарының сырқаттанып қалғаны көңіліне қаяу түсіріп, көзіне жас келтіргенін айтты.

"Жолдасым, бір келе жатқан сыңарым Бақытжамал ауырыңқырап жүр. Оған ешқандай ем-шара қолдана алмай жатырмыз. Көңілім босап, ол жоқ болса мен де жоқпын ғой, сыңарым, жарты ғасырлық серігім ғой деп балаларға көрсетпей теріс айналдым", - деді ақын.

Тағы оқыңыздар: Елімізге танымал актер болашақ жары туралы бар шындықты айтты

Сондай-ақ ақын өзінің екі қорқынышы бар екенін айтты. Оның бірі өнердегі баласы айтыс болса, екіншісі өмірдегі жалғыз ұлы екенін мәлімдеді.

"Жалғыз баланың әкесімін. Сол бірдеңеге ұрынып қала ма деп, сол хабарсыз қалса зәрең ұшып, зуылдап отырасың.

Екінші қорқыныш - қазақ өнерінің тізгінін ұстап отырмын ғой. Соны бұзып алған жоқпын ба, отырғызған көшеттей болып жасанды жолда жүрген жоқ па? Шырт ұйқымнан оятады осындай ойлар", - деп ағынан жарылды айтыс жанашыры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645404-zhursin-erman-syrqattanyp-qalghan-zhary.html