RU

Қорланған бейіт: Ақтөбе тұрғыны ағасының зиратындағы сұмдық жағдайды көрсетті (фото)

Ақтөбе қаласының тұрғыны Кенже Әжекеев ағасының зиратына келгенде жантүршігерлік жағдайға куә болған. Зират басындағы қоршаулары қиратылып, шойын темірлер ұрланып кетіпті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бұл жағдайға кімнің қолы барғанын білмеймін. Белгісіз біреулер зираттардың қоршауын ұрлап кеткен. Бұл - ағамның зираты. Шойын темірлердің барлығы түбінен кесіліп алынған. Мен бейітті қорлағандар жазасын алса екен деймін. Бұл адам шошырлық жағдай», - дейді Кенже Әжекеев.

Тағы оқыңыздар: Алматыда денесінің 40 пайызын күйік шалған жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Вандализм дерегі Ақтөбе қаласының Ақжар-1 ауданындағы мұсылмандар зиратынының бірінде болған. Вандализмнің құрбаны болған тек Әжекеевтер отбасы емес.

Қазір мұнда 8 зираттың темір қоршауы жоқ. Тұрғындар полицияға шағым түсірген. Тұрғындар темір қоршаулар металл қабылдау нүктелеріне тапсыру үшін алынған деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645408-qorlanghan-beyit-aqtobelik-turghyn-agha.html