RU

ҰҚК "Ислам мемлекетінде" қанша қазақстандықтың соғысып жүргенін жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ислам мемлекеті (ИГИЛ) мен басқа да террористік топтардың  қанша қазақстандық жүргенін жариялады.  Бұл туралы мекеме Today.kz сайтының арнайы сұранысына берген жауабында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

ҰҚК "Ислам мемлекетіндегі" қазақстандықтардың саны азайып жатқанын байқаған.

"Ислам мемлекеті мен басқа да халықаралық террористік ұйымдарда жүрген қазақстандықтар саны әйел, бала-шағасын қоспағанда 150 адамнан аспайды. Содырлар өлім құшып, отбасымен бірге тұтқынға түскен сайын адам саны азаюда", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Өз-өзіне батыр атағын берген президент Путинді күшікпен қуантты

Ислам мемлекеті (ИГИЛ) - Қазақстан Республикасында жұмыс істеуіне тыйым салынған халықаралық террористік ұйым.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645419-uqk-islam-memleketinde-qansha-qazaqst.html