RU

19 жастағы сарбазды ақтық демі үзілгенше сабаған әскери қызметкер қамауға алынды

Қазақстан қорғаныс министрлігі № 44841 әскери бөлімінің әскери қызметкері борышын өтеп жүрген сарбазды өлтіргені үшін екі айға қамалды деп хабарлайды Today.kz.

Қылмыстық кодекстің 404 бабы 4 тармағы бойынша ұсталған әскери қызметкер сот шешімімен аймақтық тергеу изоляторына жеткізілді. Бұған дейін уақытша қамау изоляторында болған еді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда денесінің 40 пайызын күйік шалған жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы әскери бөлімшеде қатардағы сарбаз қаза тапқан болатын. Оны ақтық демі үзілгенше сабағаны анықталды.

Е.Н.Жексембай атты 19 жастағы сарбаздың денесі өз Отаны ОҚО-ға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645440-qatardaghy-sarbazdy-aqtyq-demi-uzilge.html