RU

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханға сахнада ұсыныс жасады (видео)

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов "Көңілді тапқырлар алаңында" әнші Ерке Есмаханға ұсыныс жасады.

Сценарий бойынша Еркеге раушан гүлін сыйлап, сезім білдірген әзілкеш өзіне тиісті сақинасын тәтті ішінен таба алмай қалады.

Ерке болса өз кезегінде сақинаның аса маңызды емес екенін айтып, әзілкешке "иә" деп жауап берді.

Желі қолданушылары Ерке мен Нұрболханды "шынайы өмірде де жарасымды жұп болар еді" деп айтуда.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі ел алдында жұбайына арнап ән шырқады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645629-tanymal-azilkesh-erke-esmakhangha-sakhna.html