RU

Атышулы қырғыз кандидаты Бабановтың Қазақстанға қандай қатысы бар?

Назарбаевтың қабылдауынан кейін өз елінде «проқазақстандық кандидат» атала бастаған Өмірбек Бабановтың расында да  Қазақстанға қатысы бар болып шықты деп жазады Oinet.kz.

Ол 1970 жылы Шымкентте дүниеге келген. Шымкент қаласында емес, Қырғызстанның Талас облысындағы Шымкент ауылында туылған.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев қырғыз премьерімен шекара мәселесі туралы Сочиде келіссөз жүргізбеген

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстандағы Тараз қаласында кәсіпкерлік саладан бастаған Бабановтың Шымкентке де қатысы бар болып шықты.

Қырғызстандық саясаткер 1998-99 жылары және 2002-2005 жылдары Шымкент мұнай өңдеуі зауытының Қырғызстандағы өкілі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1645806-atyshuly-qyrghyz-kandidaty-babanovtynh.html