RU

Өзін тым әдемі санайтын әйел желідегілердің ашуына тиді (видео)

Британиялық This Morning шоуының қонағы болған 44 жастағы Доун Козинс әдемілік жеке өміріне кесірін тигізіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Эфир жазбасы бағдарламаның YouTube-каналында жарияланған.

«Әлбетте, мен өте тартымдымын. Екіншіден, тым жас көрінемін. Үшіншіден, менімен бірге зерікпейсіз. Төрт бала тәрбиелеп отырған 44 жастағы әйелге мүлде ұқсамаймын», - деп мәлімдеді Козинс.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да мақта теремін деп қаза болған оқушыға қатысты жаңа дерек шықты (фото)

Ол ер адамдардың жасы да, кәрісі де онымен танысуға құштар екенін айтып мұңын шақты. Тіпті мектепте оқитын балаларының достары да танысады екен.

Әйелдің әңгімесі бағдарлама жүргізушілерінің күлкісін келтірсе, желі қолданушылары әйелді жат қылығы үшін айыптады.

«Сенімділік – әрине, тамаша қасиет, алайда мынау есінен алжасқан адамның әңгімесі», «меніңше, ол өзі туралы тым жоғары пікірде» дейді желі қолданушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646031-ozin-tym-ademi-sanaytyn-ayel-zhelidegi.html