RU

Түркменстан халқы су, газ және электр энергиясын тегін пайдалану бақытынан айрылып қалды

Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 11 қазанда су, газ және электр энергиясы үшін халыққа берілген жеңілдікті алып тастауға тапсырма берді. Бұл шара елде су бағасының 25 есеге өсуіне әкеледі деп жазады Centralasian.org.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығына қарағанда, осыған дейін адам басына 7,5 кубометр тегін беріліп келген су енді 1 қарашадан бастап 10 кубометріне бес манат (1,43 доллар) болады. Бердімұхамедов осы аптаның басында үкімет субсидияны біртіндеп қысқартады деп мәлімдеген.

Түркменстан басшысы коммуналдық төлемдер енгізу арқылы жеті жылға арналған, құны 69 млрд доллар болатын инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырамыз деді. Оның ішінде 45 млрд доллар энергетикалық секторға жұмсалады.

Тағы оқыңыздар: Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Түркменстан халқы әлі табиғи газ бен электр энергиясын тегін пайдаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646125-oz-ozine-ataq-bergen-atyshuly-preziden.html