RU

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Сенатор аталған ведомстводан авиакомпанияларға сертификат беру және тексеру қызметін мүлдем тартып алу қажет деп отыр. Яғни, ұшақтар мен ұшқыштардың көкке көтерілуіне рұқсат беру мен қауіпсіздікті қадағалау ісімен бөлек мекеме айналысуы қажет. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

"Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, авиакомпаниряларға сертификат беретін ұйым мен оны тексеретін мекеме бөлек. Әрине, менің бұл ұсынысыма көп адам қарсы болады. Өйткені, ешкім біреудің қатаң қадағалауында болғысы келмейді. Ал жаңадан құрылатын мемлекеттік авиациялық бақылау органынан бәрі аяқ тартуы тиіс", - дейді Талғат Мұсабаев.

Қазір еліміздегі әуе компаниялар мен ұшқыштарға сертификат беретін де, олардың жұмысын тексеретін де Азаматтық авиация комитеті. Мұсабаев Үкіметтен осы қос қызметті Инвестициялар және даму министрлігінен ажыратып, бөлек ұйым құруды талап етті.

Ал жаңа мекеме ешбір министрлікке бағынышты болмауы тиіс. Және азаматтық ғана емес, ведомствалық, мемлекеттік авиацияны да уысында ұстайды. Сонда қауіпсіздік те күшейеді дейді депутат.

Ал соңғы кезде әуе апаттарының жиілеп кетуіне дәл осындай жеке және тәуелсіз қадағалаудың болмауы себеп екен.

Тағы оқыңыздар: 

Жылы күз: еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Әйелінен кек алмақ болған азамат енесін тірідей өртеп жіберген

Төрешіні балағаттаған қазақ футболшысы жеті матчқа алаңнан қуылды

Өз-өзіне атақ берген атышулы президент су бағасын 25 өсеге қымбаттатып жіберді

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646128-talghat-musabaev-ushaqtary-zhii-apatqa-u.html