RU

Атышулы адам жегіштердің пәтерінен мысық пен иттің еті де табылды

Бүкіл Ресейді шулатқан краснодарлық адам жегіштер - ерлі-зайыпты Дмитрий және Наталья Бакшеевтердің үйінен адамның етінен бөлек, мысық пен иттің еті де табылды.

Бұл туралы Mash Telegram арнасында хабарланды деп жазады NUR.KZ.

Атышулы каннибалдардың мұздатқышында қапқа салынған адам, мысық, ит пен сиырдың еті табылған. Енді адам жегіштер адам денелерінің қалдығын сақтағанын дәлелдеу үшін ДНҚ сараптамасы жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйек күні Краснодарда ерлі-зайыпты адам жегіштер ұсталды. Олардың пәтерінен із-түзсіз жоғалған адамдардың телефондары, адам етін дайындау туралы видеосабақтар мен консервіленген еттер табылған.

Тағы оқыңыздар: 

Төлешовтің ұлы мен бәйбішесі қара шаңырақтағы мүлікті сыпырып әкеткен (фото)

Байлар да жылайды: еліміздегі қалталы азаматтардың күнкөріс бағасы қымбаттап кеткен

Оны судьялар өлтірді: Мұрат Әбенов 18 жастағы алматылық қыздың өліміне кімді кінәлады?

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханға сахнада ұсыныс жасады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646131-atyshuly-adam-zhegishterdinh-paterinen-m.html