RU

Өскеменде экс-депутат зорлаған 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы депутаттың жыныстық зорлық-зомбылығының құрбаны болғанын айтқан 19 жастағы Елена Иванова іздестіріліп жатыр. Бұл туралы «Немолчи.kz» қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, Елена 8 қазан күні оқу мәселесін шешу үшін Өскеменге шығып кетіпті. 

«Ол Өскеменге жеткен соң әжесіне хабарласып шағын автобусқа отырғанын айтқан. Бірақ ол барар жеріне жетпепті. Елена әжесіне де, анасына да бармаған. Бірде бір рет хабарласпаған бойжеткеннің телефоны әлі өшірулі. Дүйсенбіден бері ол туралы ешкім ештеңе естімеген.

Ленаның туыстары полицияға арызданбапты. Сол себепті біз осында жариялап отырмыз. Өйткені қыздың тағдырына алаңдайтындай себеп бар.

Сондай-ақ, тексерілмеген ақпаратқа сүйенсек 19 жастағы Елена Ивановнаны зорлағаны үшін істі болған экс-депутат мырза ұзақ уақыт бойы Астанада болған. Өкінішке орай, біздегі бар расталмаған мәлімет бойынша оның ісін Астанадағы лауазымы жоғары шендінің бақылауына жебіріпті», — деп жазады Дина.

Елена Ивановға қатысты кез-келген ақпарат білетін адамдардан Дина Таңсері сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды: 8705151000

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың ортасында бұрынғы депутат және ірі құрылыс фирмасының бастығының үстінен Шығыс Қазақстан облысының Октябрьское ауылының тұрғыны Елена Ивановна полицияға шағымданған болатын.

Қыздың айтуынша, ол Верх-Уба ауылында салынып жатқан мектептің ғимаратында ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылықтың, қорқытудың және зорлаудың құрбаны болған. Елена ол жерде сырлаушы болып жұмыс істепті.

Тағы оқыңыздар: 

Жылы күз: еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Төрешіні балағаттаған қазақ футболшысы жеті матчқа алаңнан қуылды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Өз-өзіне атақ берген атышулы президент су бағасын 25 өсеге қымбаттатып жіберді

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646169-oskemende-eks-deputat-zorlaghan-19-zhasta.html