RU

Абай Бегейге өнерін бағалайтын көкесі джип мінгізді (фото)

Қазақ тойларының хитіне айналған "Аспанға қараймын" әнінің орындаушысы Абай Бегейге өнерін бағалайтын ағасы қымбат джип көлігін сыйға тартқан. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасына жазды.

"Ерген ағамыздай жомарт ағаларымыз аман болсын! Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар",- деп жазған әнші сурет астына.

Қымбат көлікке ие болған әншіге тыңдармандары қызыға қарап, көлігінің тозбауын тіледі.

"Мұндай сыйлыққа лайықтысыз!", "Қандай күшті сыйлық! Не деген бақыттысыз!", "Тұлпарыңыз тозбай, аман -есен жүре беріңіз", "Мәссаған, тұлпар құтты болсын Әбеке! Игілікке мініңіз! Осындай жомарт ағаларымыз көп болсын!", -деп жазған әншінің тыңдарманы.

Тағы оқыңыздар: "Алло" әнін өзбектің танымал әншісімен орындаған Төреғали көптің сынына қалды

Айта кетейік, жуырда берген сұхбаттарының бірінде әнші Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтқан болатын. Ақтау қаласында Той көйлектеріне арналған салоны бар әнші әртістердің табысы қалай келсе, солай кетеді деп ағынан жарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646228-abay-begey-syylyqqa-alghan-dzhip-koligi.html