RU

Алғашқы метро ХІХ ғасырда салынған

Әлемдегі ең бетке ұстар метро ретінде Британия астанасы Лондонның жерасты жолаушы тасымал жолдары аталады.

Ол – екі бірдей рекордтық көрсеткішке ие: қа­зіргі кезде ең ауқымды қашықтықты қамтитын (404,8 шақырым) және әлем­дегі ең көне (құрылысы 1863 жылы бас­талған) метро.

Бірақ Қытай астанасы Пекин­нің соңғы қала жобасы бойынша метро жолдары 480 шақырымға дейін ұзартылуы керек болатын.

Сондай-ақ АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының метро­сының да жалпы ұзындығы 400 ша­қы­рымнан асады. Ал Мәскеу метросы жо­лаушы тасымалдау бойынша әлемде алғашқы орында тұр: бір жылда 3,2 млрд жолаушы тасымалы жүзеге асырылады, жалпы көлемі 284,8 шақырымды қам­тиды.

Франция астанасы Париж қала­сының метро жолдары – 213,92 шақырым, Испанияның Мадриді – 236 шақырым, Токио – 282, Сеул – 287. Ал Алматы қа­ласына келсек, қала әкімдігі жерасты жо­лаушы тасымалының жолын әлі де ұзарту мәселесін жоспарлап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/164631-algashky-metro-hih-gasyrda-salyngan.html