RU

Жұрттың жүйкесі жұқарған: Қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатыр?

Қазақ - қырғыз шекарасындағы ахуал әлі күрделі. Емін-еркін өтіп жүрген ел кеден бекетінде тәуліктеп тұруға мәжбүр. Қырғыздан азық-түлік тасыған алыпсатарлар заттарымыз бүліне бастады деп шулап жатыр.

Қордай шекара бекетіне арнайы барған 31 арна тілшілері шатырларда түнеп, биодәретхананы қолданып жүрген азаматтармен кездесіп қайтқан.

Шекарадағы ушыққан жағдайдан жұрт жүйкесі жұқарыпты. Тәулік бойы аяғынан тік тұрып қажыған ел кезек үшін бет жыртысуға дейін бар.

Қазақ-қырғыз шекарасында барыс-келіс барынша қиындатылған. Осы айдың онынан бастап жағдай осындай. Десе де алдағы күндерге қарағанда бүгін жағдай реттелген. Қазақ тарабы қырғыз асып өтпекші болғандарды кеден бекетінен тек там-тұмдап қана жіберуде. Салдарынан осындай кептеліс пайда болған.

"15 сағат болды тұрғанымызға. Көлігіміз тұрады. Өзіміз өте алмай тұрмыз. Қырғызстан оңай өткеріп жатады. Қазақ тарапы өткермей жатады", - дейді қырғызстандық азамат.

Қырғыз билігі шекарадағы қолайсыздыққа қатысты арнайы палаткалар орнатқан. Мұнда отын-су жеткізіліп, ас-ауқат беруге және медицина көмек көрсетуге жағдай жасалған.

Әзірге мұндай шатырлар үшеу-ақ. Мамандар жеткілікті деп отыр. Егер қажет болған жағдайда олардың санын көбейтуге мүмкіндік бар дейді.

Айта кетейік, күні кеше қан қысымы көтерілген он адамға медициналық көмек көрсетілсе, 300 жүргіншіге ас-ауқат берілді.

"Біз айта алмаймыз. Бір анығы постта кептеліс тығылыс көп болса, біздің көмектесуге мүмкіншілігіміз бар", - дейді Аламидин аудандық әкімшілігінің басшысы Аким Чедуров.

Тағы оқыңыздар: 

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646345-zhurttynh-zhuykesi-zhuqarghan-qazaq-qyrghy.html