RU

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ақыры қолға түсті

Ақмола облысында полицейлер алаяқтық қылмыс жасап, 22 жыл Ресейде жасырынып жүрген ер адамды ұстады деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Челябі облысы Новозлатоуста жүргізілген мемлекетаралық арнайы операция барысында полицейлер 22 жылдан бері іздеуде жүрген ер адамды ұстады.

1995 жылы ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірімен келісім жасап, 4 миллион теңгеге 12 "Жигули" көлігін жеткізіп бермек болады. Бірақ ол ақша мен бірнеше көлікті қолына түсіргеннен кейін қашып кеткен.

Полицейлер күдіктінің Қазақстаннан кетіп қалғанын анықтайды. Қазіргі уақытта тиісті материалдарды жинау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысының полицейлері өз елінде қылмыс жасап, көп жылдар бойы жасырынып жүрген Ресейдің екі азаматын қолға түсірген болатын.

Тағы оқыңыздар: 

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырған

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1646386-22-zhyl-buryn-reseyge-qashyp-ketken-alayaq.html